081

2023 жылдың 7 желтоқсан күні «Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар» бірлестігінің ұйымдастылуымен «Білімді, дені сау ұрпақ-тәуелсіз елдің болашағы» атты апталық аясында «Үш тілді білу – елге үлгі болу» тақырыбында қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен қалалық олимпиада өткізілді.

Қалалық олимпиаданың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.
Олимпиадаға техникалық және кәсіптік колледждерден 1 курс білім алушылары қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Олимпиада жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды.

Қазақ тілі пәні бойынша:

1-орын Жарқынбекқызы Нұрай. Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжі
2-орын Адилсултан Арина С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі
2-орын Оразбек Нұрхан Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі
3-орын Жақсылықова Асыл Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі
3-орын Есенбай Айша Қызылорда Авиценна медицина колледжі

Орыс тілі пәні бойынша:

1-орын Ұзақ Ғазиза ORDA жоғары колледжі
2-орын Патталова Дильназ Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі
2-орын Бақтығали Салтанат ORDA жоғары колледжі
3-орын Төлешқызы Лейла Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі
3-орын Алмат Ақтілек Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжі

Ағылшын тілі бойынша
1-орын Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің 1 курс студенті Асан Гүлзира.
2-орын Қызылорда медициналық жоғары колледжінің 1 курс студенті Дабашова Зибажан.
2-орын Өркениет медицина колледжінің 1 курс студенті Қамбар Шынар.
3-орын Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің 1 курс студенті Бегайдар Құланбай.
3-орын Текей батыр Қарпықұлы жоғары колледжінің 1 курс студенті Досқабылова Мая марапатталды.
Ұйымдастырушылар: Султанова Н.К.
Махмутова А.Е.
Жұмабай М.А.
Исахан А.Ғ.

082